22
февраль
2023
Ж.Жабаев атамыздың туғанына 177 жыл толуына орай мерекелік кеш өткізілді
22.02.2023ж Ж.Жабаев атамыздың туғанына 177 жыл толуына орай мерекелік кеш өткізілді. Бүгінгі кеш, басқа кештерден өзгеше, өйткені қазақ «Сөз қадірін - өз қадірім» деп білген халық. Кеңдігін де, елдігін де кемеңгерлігі мен көсемдігін де, сөзге сыйғызған халық. Бітпес даудың, бәтуасыз шудың кесімі де, шешімі де сөз болған. Сондықтан да сөзден өткен күш, сөзден өткен құдірет жоқ. Сондай даралық сөз тудырған, суырып салма ақынымыз Жамбыл Жабаевтың туғанына биыл 177 жыл толды. Жамбыл Жабаевтың туған күніне орай, ақын атындағы №161лицейде «Өлең сөздің жүйрігі» атты әдеби –сазды кеш өтті. Кешке жазушы, ғалым, философия ғылымдарының докторы, филология ғылымдарының кандидаты, Қазақстан жазушылар және Журналистер одағының мүшесі, республикалық «Жігер» жастар фистивалінің, Ж.Жабаев атындағы халықаралық сыйлықтың лауреатыХалықаралық сыншы-әдебиетшілер Ассоциациясының дипломанты, «Құрмет» орденінің иегері Нұрдәулет Ақыш Бәбиханұлы, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті Жамбыл атындағы ғылыми-зерттеу орталығының директоры, филология ғылымдарының докторы Алмасбек Мәуленов қатысты. Қонақтар оқушылардың әдеби-сазды қойылымын тамашалап, Жамбыл ізбасарларының сұрақтарына жауап берді. Кеш қонақтарының бірі - «Қазақстан үміті» төсбелгісінің иегері, жас әнші Ізбасар Бекзат Жамбылдың сөзіне жазылған Жолдасхан Құрамысовтың «Менің пірім - Сүйінбай» әнін шырқап, кештің ажарын кіргізді. Сондай-ақ, лицейіміздің түлегі, халықаралық жарыстардың жеңімпазы Өсімқұл Темірлан Жамбылдың «Угай -ай» әнімен кешті қорытындылады. Сондай-ақ 6 «А» сынып оқушылар «Батырлар ұраны» биін билеп, 7 «В» сынып ұлдары «Мен қазақтың ұлымын» әнін шырқады. Тағы да бір жырдан шашу шашылып, Жамбыл жыры жас жеткіншектердің рухани әлемін байыта түсті. Кешті лицей директоры Р.М.Суранчиева қорытындылады.

