Алматы қаласы Білім басқармасының
«Жамбыл Жабаев атындағы №161 лицей»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 273-39-44
Есепші бөлімі:
+7(727) 273-82-30
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » 13.02.2026 күні 10"А" сыныбында тарих пәнінен өткен ашық сабақта
13
февраль
2026

13.02.2026 күні 10"А" сыныбында тарих пәнінен өткен ашық сабақта

13.02.2026 күні тарих пәні мұғалімі Нұртай Елдос 10"А" сыныбымен "Қазақ хандығы: мемлекеттің саяси институттары" тақырыбында ашық сабақ өткізді. Ашық сабақ барысында «gemini.google.com» ЖИ арқылы өткен білімді еске түсіріп жаңа білім ашты,  жеке жұмыс барысында оқушылар түркілік, алтын орда, қазақ хандығы кезеңдеріндегі ел басқарудағы ерекшеліктер мен сабақтастықты жазып, өзара байланысты анықтады. Жұптық жұмыс барысында оқушылар қазақ хандығы мен Қазақстан Республикасының билік жүйесінің басты ұқсастықтары мен қызметтерін анықтап, мысалдар келтірді. Топтық жұмыс барысында оқушылар өздеріне берілген кейстерге негізделе отырып қазақ хандарының жарғылары мен ҚР Конституциясының баптарына негізделіп шешім шығарып отырды. Әр тапсырма аяқталғанда мұғалім кері байланыс беріп, өзара бағалау жүргізіліп отырды. Оқушылар ағылшын тілінде еркін пікір алмасып, бейнетапсырмалар, әр түрлі қызықты жаттығулар орындады. Сабақ соңында оқушылар https://arqan-taru-balalar.lovable.app/ сайты арқылы рефлексия жұмыын орындады. Сабақ өте жоғары деңгейде өтті.


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: