Алматы қаласы Білім басқармасының
«Жамбыл Жабаев атындағы №161 лицей»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 273-39-44
Есепші бөлімі:
+7(727) 273-82-30
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » 13.02.2026 күні 6 сыныптар арасында «Ұлы дала мұрагерлері» тақырыбында интеллектуалды ойын өтті
13
февраль
2026

13.02.2026 күні 6 сыныптар арасында «Ұлы дала мұрагерлері» тақырыбында интеллектуалды ойын өтті

13.02.2026 күні тарих пәні мұғалімдері Райсова Роза Жабаевна, Сәкен Қыран, Искакова Айзада Арынқызы 6 сыныптар арасында «Ұлы дала мұрагерлері» тақырыбында интеллектуалды ойын өткізді. 

        Ойынның мақсаты:

            •           Қазақ халқының тарихы мен мәдениетін таныту

            •           Логикалық ойлау қабілетін дамыту

            •           Тапқырлық пен жылдамдықты арттыру

«Ұлы дала мұрагерлері» интеллектуалды ойыны — оқушылардың қазақ халқының тарихы, мәдениеті, салт-дәстүрі мен ұлттық құндылықтары туралы білімін тексеруге және дамытуға арналған танымдық-интеллектуалдық ойын. Ойын барысында қатысушылар әртүрлі тапсырмалар мен сұрақтарға жауап беру арқылы өздерінің білім деңгейін, логикалық ойлау қабілетін, жылдамдығын және тапқырлығын көрсетті. Аталған ойын жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеуге, ұлттық мұраны құрметтеуге және тарихи сананы қалыптастыруға бағытталған.  



Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: