Ақпарат » Страница 6 » Школа-гимназия №161 г. Алматы
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 273-39-44
Есепші бөлімі:
+7(727) 273-82-30
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Ең үздік оқырман" кітапқұмарлар сайысы
26
апрель
2023
"Ең үздік оқырман" кітапқұмарлар сайысы
Ж.Жабаев атындағы №161 лицейде 5 және 8 сыныптар арасында "Ең үздік оқырман" кітапқұмарлар сайысы әр тоқсан сайын өткізіліп келеді. Арнайы алдын ала берілген бір көркем шығарманы сынып оқушылары түгел оқып, тәрбие сағатында пікір алмасады, талдайды. Алдын ала дайындалған тест сұрақтарына жауап береді. Бұл сайысқа ата-аналар демеушілік жасап балаларды марапаттайды. Қазақ әдебиетінің інжу маржандарымен сусындай беріңіздер.
Мәншүк Мәметованың туғанына 100 жыл толуына орай «Қаһарман қызы қазақтың» атты мерекелік іс-шара өткізілді.
26
апрель
2023
Мәншүк Мәметованың туғанына 100 жыл толуына орай «Қаһарман қызы
Мәншүк Мәметованың туғанына 100 жыл толуына орай «Қаһарман қызы қазақтың» атты мерекелік іс-шара өткізілді. Мақсаты: Оқушылардың Ұлы Отан соғысындағы Ұлы Жеңістің маңыздылығын ұғынуларына жағдай туғызу. Ұлы Отан соғысында туған жерін қорғаған Қазақстан азаматтары туралы мәлімет беру. Аттары аңызға айналып, ерлік істері барша ұлтты таң қалдырған қазақтың батыр қызы Мәншүк Маметованың жарқын өмірі және Ұлы Отан соғысындағы ерлік істерін ұрпаққа үлгі етіп, өнеге ету. Оқушылардың бойына патриоттық
Жалпы білім беретін ұйымдарының 8-11 сынып оқушылары арасында Республикалық "Ілияс Жансүгіров оқулары" байқауының  аудандық кезеңі
03
апрель
2023
Жалпы білім беретін ұйымдарының 8-11 сынып оқушылары арасында
03.04.2023ж. күні Жалпы білім беретін ұйымдарының 8-11 сынып оқушылары арасында Республикалық "Ілияс Жансүгіров оқулары" байқауының  Медеу аудандық кезеңінде 8 "б" сынып оқушысы Сәттер Сезім "Ілияс-қазақ поэзиясының жыр құлагері" атты номинациясынан - II орын, 8 "б" сынып оқушысы Мәмет Санжар "Ілияс сөз шебері" атты номинациясынан - II орын, 9 "ә" сынып оқушысы Қанат Альтаир "Ұлы тұлғаға арнау" атты номинациясынан - III орын. Жеңістеріңіз құтты болсын!!!
2022-2023 оқу жылының 27-29 наурызы аралығында Ақтөбе қаласында өткен математика пәні мұғалімдеріне арналған “Математикалық регата” республикалық олимпиадасына Алматы қаласы атынан төрт адамнан құралған команда қатысып, 1-орын жеңіп алды. Команда құр
29
март
2023
2022-2023 оқу жылының 27-29 наурызы аралығында Ақтөбе қаласында өткен
2022-2023 оқу жылының 27-29 наурызы аралығында Ақтөбе қаласында өткен математика пәні мұғалімдеріне арналған “Математикалық регата” республикалық олимпиадасына Алматы қаласы атынан төрт адамнан құралған команда қатысып, 1-орын жеңіп алды. Команда құрамында Ж.Жабаев атындағы №161 лицейдің математика пәнінің мұғалімдері Амирхан Кибар Назирханұлы мен Асқар Аманжол қатысты. Жеңістеріңіз құтты болсын!!! Алар асуларыңыз бен бағындырар белестеріңіз көп болсын!!
8 сыныптар арасында "Ең үздік оқырман" кітапқұмарлар сайысы әр тоқсан сайын өткізіліп келеді
27
март
2023
8 сыныптар арасында "Ең үздік оқырман" кітапқұмарлар сайысы әр тоқсан
Ж.Жабаев атындағы №161 лицейде 8 сыныптар арасында "Ең үздік оқырман" кітапқұмарлар сайысы әр тоқсан сайын өткізіліп келеді. Арнайы алдын ала берілген бір көркем шығарманы сынып оқушылары түгел оқып, тәрбие сағатында пікір алмасады, талдайды. Алдын ала дайындалған тест сұрақтарына жауап береді. Бұл сайысқа ата-аналар демеушілік жасап, балаларды марапаттайды. 4 тоқсанда мына оқушылар марапатталды. Нурова Жания - I орын, Шынықұл Тасним - II орын, Мамет Санжар - III орын,  Бахытова Құралай - Алғыс
Жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиадасының төртінші (қорытынды) кезеңінен орын алған оқушы:
25
март
2023
Жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11 сынып оқушыларына арналған
2023 жылдың 20-25 наурыз аралығында Шымкент қаласында өткен Жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиадасының төртінші (қорытынды) кезеңінен орын алған оқушы:                                                                         9 "ә" сынып оқушы Омарғазы Нұрғиса - Физика пәнінен - II орын. Жетекшісі: Төкен Бексұлтан Нұржанұлы                                                   Жеңісінмен құттықтаймыз!! Алар асуың мен бағындырар белестерін көп
Жалпы білім беретін ұйымдарының 8-11 сынып оқушылары арасында Республикалық "Ілияс Жансүгіров оқулары" байқауының  аудандық кезеңі
15
март
2023
Жалпы білім беретін ұйымдарының 8-11 сынып оқушылары арасында
15.03.2023ж. күні Жалпы білім беретін ұйымдарының 8-11 сынып оқушылары арасында Республикалық "Әбіш оқулары" байқауының  Медеу аудандық кезеңінде 8 "б" сынып оқушысы Сейсенбек Аяулым "Ә.Кекілбаев шығармалары бойынша зерделеу жұмысы" атты номинациясынан - Бас жүлде, 8 "б" сынып оқушысы Нурова Жания "Ә.Кекілбаев шығармаларынан иллюстрациялық суреттер салу" номинациясынан - II орын, 8 "б" сынып оқушысы Асылмерген Ажар "Ә.Кекілбаев шығармаларын мәнерлеп оқу" номинациясынан - III орынға ие болды.
“Сыйынар ем, ана деген тәңірге!” тақырыбында мерекелік концерт өткізілді
07
март
2023
“Сыйынар ем, ана деген тәңірге!” тақырыбында мерекелік концерт
07.03.2023ж 10 Б сыныбы, жетекшісі Е.Е.Ерөскеннің ұйымдастыруымен “Сыйынар ем, ана деген тәңірге!” тақырыбында мерекелік концерт өткізілді. Мақсаты: Ең қасиетті бұл өмірде ана екенін сездіріп,оқушылардың танымына ой түсіру. Ел тарихында бүкіл бір халықтың анасына айналған қасиетті аналарыңыздың ұлағатты сөздерінен тәлім алып,еліміздің елдігін сақтайтын силанатын орындарға баулу және жастардың анаға деген махаббатын ояту,рухани дүниелеріне эстетикалық адамгершілік қасиет дарыту. Концерт жоғары
6-11 сынып оқушылары арасында дәстүрлі "Ясауитану" республикалық байқауының Медеу аудандық кезеңінде
06
март
2023
6-11 сынып оқушылары арасында дәстүрлі "Ясауитану" республикалық
06.03.2023ж. күні 6-11 сынып оқушылары арасында дәстүрлі "Ясауитану" республикалық байқауының Медеу аудандық кезеңінде 8 "б" сынып оқушысы Кітапбай Мадияр - III орынға ие болды. Марапат құтты болсын!! Алар асуларыңыз көп болсын!!!
Республикалық "Қадыр оқулары" байқауының Медеу аудандық кезеңінде
06
март
2023
Республикалық "Қадыр оқулары" байқауының Медеу аудандық кезеңінде
06.03.2023ж. күні 5-11 сынып оқушылары арасында республикалық "Қадыр оқулары" байқауының Медеу аудандық кезеңінде 5 "б" сынып оқушысы Зәки Әліби "Сөзім барда - өзім бар" номинациясы бойынша - III орын, 11 "а" сынып оқушысы Мұратбекова Ақерке "Болу үшін жаралғам туған жердің жырауы..." атты номинациясынан - II орын, 10 "ә" сынып оқушысы Жұмажанов Арнұр "Өлең жаздым тоғыз тарау, жеті өрім" номинациясы бойынша - 3 орын иеленді. Жеңістеріңіз құтты болсын.