Алматы дарыны орталығы мен Медеу аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен мектеп оқушыларының арасында тұңғыш рет өткізілген “Ұшқыр ой алаңы” пікірсайыс турнирі » Школа-гимназия №161 г. Алматы
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 273-39-44
Есепші бөлімі:
+7(727) 273-82-30
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Алматы дарыны орталығы мен Медеу аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен мектеп оқушыларының арасында тұңғыш рет өткізілген “Ұшқыр ой алаңы” пікірсайыс турнирі
29
январь
2021

Алматы дарыны орталығы мен Медеу аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен мектеп оқушыларының арасында тұңғыш рет өткізілген “Ұшқыр ой алаңы” пікірсайыс турнирі

26.01.2021 ж.Алматы қаласы, Алматы дарыны орталығы мен Медеу аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен мектеп оқушыларының арасында тұңғыш рет өткізілген “Ұшқыр ой алаңы” пікірсайыс турнирінде 28 мектептің арасынан өзінің алғырлығымен оза шапқан оқушымыз “Алтын белгіге” үміткер, лицейіміздегі “Атамекен” дебат клубының мүшесі, 11 А сынып оқушысы Муратханов Абылай
1-орын иеленіп,қалалық кезеңге жолдама алған еді.

Бүгін 29.01.2021 ж қалалық кезеңде оқушымыз тағы да өзінің ұшқыр ойын танытып, жас дарындардың сәулесін жаққан додада жүлделі 1-орын иеленді.

ХХІ ғасыр ұрпақтарына аса қажет байқауды жоғары деңгейде ұйымдастырып, жүзден жүйрік, мыңнан тұлпарларды анықтауға зор үлес қосқан Медеу аудандық Білім бөлімінің басшысы: Сапарова Ақайша Амировна @saparagaisha , Медеу ауданының әдіскері:Акылбекова Эльмира Нургазиновнаға және Алматы дарыны орталығының әдіскері: Айымхан Әмірбекқызына @aiymkhanamirbek  алғысымыз  шексіз.


 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: