Лицейде үштілділіктің қолданылуын бақылау жүргізілді » Школа-гимназия №161 г. Алматы
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 273-39-44
Есепші бөлімі:
+7(727) 273-82-30
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Лицейде үштілділіктің қолданылуын бақылау жүргізілді
09
октябрь
2019

Лицейде үштілділіктің қолданылуын бақылау жүргізілді

Қазан айының 9 күні Нұрсұлтан қаласынан үштілділіктің қолданылуын бақылау негізінде Ы.Алтынсарин атындағы ҰҒА директоры: Алма Қайыркенқызы лицейімізге келіп, ағылшын тілінде жүргізілетін 8 «Ә» сыныбының физика,  9 «Ә» сыныбының информатика  сабақтарына қатысты. 
    Физика пәнінен Бекмырза Ұласбекұлының, информатика пәнінен Жұлдыз Күнболатқызының сабақтарының 50 пайызы ағылшын тілінде өтіліп, оқушыларды ұйымдастыруы, ағылшынша сөйлеуі, мұғалім мен оқушы қарым-қатынасы жоғары дәрежеде болды. Үштілділіктің жоғары деңгейде өтіп жатқандығына көз жеткізіп, ризашылығын білдірді.
   Сондай-ақ, 11 «Ә» сыныбының  қазақ тілінде жүргізілетін алгебра пәнінен Кибар Ишиговтың да сабағына қатысып,  оқушылардың пәнге деген құлшынысын, мұғалімнің балаларға деген ықыласын көрді.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: