» Материалы за Август 2016 года

 
 
 
Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

Лицей түлектеріне

Автор: admin от 5-08-2016, 15:03, посмотрело: 592

0

 «Ж. Жабаев атындағы № 161 лицей» – ж а ң а т и п т е г і м е к т е п.

1993 жылғы 23 тамызда Алматы қаласы Білім басқармасы бекіткен Қалалық көпсалалы қазақ гимназиясы туралы ережесі негізінде жалпы гуманитарлық бағыттағы көпсалалы қазақ гимназиясы болып ашылып, Алматы қаласы Әкімдігінің 1999 жылғы 18 қаңтардағы №56 шешімі негізінде № 161 қазақ гимназиясы мемлекеттік мекемесі, Алматы қаласы Әкімдігінің 2008 жылғы 7 қазандағы №6/804 қаулысы негізінде «Жамбыл Жабаев атындағы № 161 гимназия» мемлекеттік мекемесі, Алматы қаласы Әкімдігінің 2010 жылғы 25 тамыздағы №3/530 қаулысы негізінде «Жамбыл Жабаев атындағы № 161 лицей» мемлекеттік мекемесі, Алматы қаласы Әкімдігінің 2011 жылғы 6 қазандағы №3/670 қаулысы негізінде «Жамбыл Жабаев атындағы № 161 лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ретінде білім беру қызметін атқарады.

Лицей жетістіктері:

1994 ж - I орын , "СОРОС-ҚАЗАҚСТАН” қоры ұйымдастырған "Гуманитарлық білім беруді жаңарту” конкурсы

1995 ж - I орын , "Лучшая школа” – "Үздік мектеп” Алматы қаласы әкімі жүлдесінің конкурсы

2003 ж - I орын , "Лучшая школа” – "Үздік мектеп” Алматы қаласы әкімі жүлдесінің конкурсы

2008 ж - I орын , "Лучшая школа” – "Үздік мектеп” Алматы қаласы әкімі жүлдесінің конкурсы

1993 – 2015 оқу жылдары бойынша лицей түлектерінің 800-ден астамы мемлекеттік білімдік грант иегерлері болып, таңдаған мамандықтары бойынша жоғары оқу орындарына түсті. Қазіргі уақытта мектеп түлектерінің алды химия, биология, басқа да көптеген, ғылым кандидаттары, Қазақстан Республикасы Үкіметі мен мемлекеттік қызметкерлері, инновациялық, даму технологиялары мен бизнес салаларында, Қазақстан телерадио бағдарламаларында, бір сөзбен айтқанда, қоғамның белді салаларында еңбек етіп, мектепте алған білімдерін қолдануда. Ең алғашқы республикалық, халықаралық, дүниежүзілік білімдік олимпиадалар мен ғылыми жарыстарда қазақтың мектептерінің атын шығарған дарынды қазақ балалары да осы білім шаңырағынан шыққан. Олар Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қабылдауында болып, Елбасының Алғысын алып, марапатталған. Бұл балалар әрдайым лицей мақтанышы болып, лицейдің «Дарын» оқушылар ғылыми қоғамының тарихында білімділік пен еңбекқорлықтың, табысты оқушының үлгісі болып қалады.

«Халықтың кемеліне келіп, өркендеп өсуі үшін, ең алдымен, азаттық пен білім қажет», - деп Шоқан Уалиханов айтқандай, халықты ағарту ісінде, білім беру саласындағы қызметімізде қазақтың қара көз балаларының дарындылық қабілеттерін ашып, тұлғалық дамуына, білімді де тәрбиелі ұрпақтың қалыптасуына талмай еңбек етіп келе жатқан біздің ұстаздарымыздың арқасы. Осындай ұстаздарымыздан білім алып, өздеріңізге қимас бір мекеніңізге айналған,балдәурен шақтың балауса қызығын өткізген Ж.Жабаев атындағы №161 лицейдің құрметті түлектерісіздер.

Құрметті Ж.Жабаев атындағы №161 лицей түлектері, Сіздерді Медеу аудандық әкімдігінің ұйымдастыруымен «Менің мектебім – менің мақтанышым» атты ауқымды акция басталғандығын хабарлаймыз.Бұл акция еліміздің білімін ордаларын қолдау мақсатында өтілуде. Сіздерді осы акцияға белсене қатысуға шақырамыз.

Өздеріңіз туралы мына электрондық почта арқылы ақпарат жібере аласыздар.

Jainara_1984@mail.ru

Байланыс телефонымыз: 8 (727) 2-73-39-44

 

Категория: