Алматы қаласы Білім басқармасының
«Жамбыл Жабаев атындағы №161 лицей»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 273-39-44
Есепші бөлімі:
+7(727) 273-82-30
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ж.Жабаев атындағы № 161 лицейінде қалалық № 1 емхана дәрігерлерінің «Дені саудың, жаны сау», «Дұрыс тамақтану» тақырыбында өткен дәрістің анықтамасы
19
сентябрь
2024

Ж.Жабаев атындағы № 161 лицейінде қалалық № 1 емхана дәрігерлерінің «Дені саудың, жаны сау», «Дұрыс тамақтану» тақырыбында өткен дәрістің анықтамасы

Ж.Жабаев атындағы № 161 лицейінде қалалық № 1 емхана дәрігерлерінің «Дені саудың, жаны сау», «Дұрыс тамақтану» тақырыбында өткен дәрістің анықтамасы


16.09.2024ж  Алматы қаласы № 1 емхананың дәрігерлері Рахимова Гаухар Мухтархановна, Қожагелдиева Алия Асқарқызы 8-9 сынып оқушыларына дәріс оқыды. Оқушыларға дұрыс тамақтану, пайдалы тағамдар тізімін айтып өтті. Сонымен қатар фаст фуд тағамдары оның ағзаға зияндығы туралы таныстырып, видео ролик көрсетті. Дәріс барысында дұрыс тамақтану адам ағзасына қаншалықты пайдалы екенін дәрігер өзі айтып қана қоймай оқушыларғада сұрақ қойып талқылады. Ұзақ әрі әдемі өмір сүру үшін дұрыс тамақтану керектігін түсіндіріп өтті. Дәріс соңында дәрігері Рахимова Гаухар Тамақтану – адамның өмірлік қажеттілігі. Азық-түлік қуат, күш, даму және дұрыс пайдалану - және денсаулық береді. Адам денсаулығы 70% тамақтануға байланысты. Созылмалы жұқпалы аурулардың көпшілігінің себебі де тағам болып табылады, сондықтан оны олардың алдын алу және құтылу үшін пайдалануға болатынын айтты. Дәрігер қауіпсіз тағамның 5 негізгі қағидасы бар екендігін атап өтті:

  1. Тазалықты сақтаңыз.
  2. Піскеннен шикісін бөліңіз.
  3. Термиялық өңдеуді мұқият жүргізіңіз.
  4. Тамақты қауіпсіз температурада сақтаңыз.
  5. Таза суды және қауіпсіз шикі тағамдарды пайдаланыңыз.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: