Алматы қаласы Білім басқармасының
«Жамбыл Жабаев атындағы №161 лицей»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 273-39-44
Есепші бөлімі:
+7(727) 273-82-30
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Педагогикалық кеңес №4
27
март
2026

Педагогикалық кеңес №4

Педагогикалық кеңес №4. 27.03.2026ж.
Тақырыбы: «Рухани бай, функционалды сауатты ұрпақ – ел болашағы»

Педагогикалық кеңес жоспарына сәйкес күн тәртібіндегі мәселелер қарастырылды.

Бірінші мәселе бойынша ДОІЖО С.Н. Уәли ІІІ тоқсан қорытындысы негізінде білім алушылардың пәндер бойынша оқу жетістіктеріне талдау жасады. Баяндамашы әр пән бойынша білім сапасы мен үлгерім көрсеткіштеріне тоқталып, білім алушылардың оқу нәтижелеріндегі оң өзгерістер мен кемшіліктерді атап өтті. Сонымен қатар, келген және кеткен оқушылардың қозғалысы есепке алынып, олардың білім сапасына әсері сараланды.

Екінші мәселе бойынша ДОІЖО С.Н. Уәли «Білім класс» журналына жүргізілген тексеру нәтижелерімен таныстырды. Атап айтқанда, мұғалімдердің жүктеме сағаттарының орындалуы, оқу бағдарламасының толық әрі сапалы жүзеге асырылуы және журналдағы өзгерістер тарихының дұрыс жүргізілуі қаралды. Тексеру барысында анықталған кемшіліктер бойынша нақты ұсыныстар берілді.

Үшінші мәселе аясында Абдикаимова А.С. және Раисова Р.Ж. Қазақстан Республикасының Еңбек Заңына енгізілген өзгерістер туралы баяндама жасады. Олар педагог қызметкерлер үшін маңызды жаңа талаптар мен толықтыруларға тоқталып, еңбек қатынастары саласындағы жаңашылдықтарды түсіндірді.

Ағымдағы мәселелер бөлімінде мектеп директоры Сарыбаева Т.Ш. 9–11 сынып оқушыларынан қаражат жинауға жол берілмейтінін қатаң түрде ескертті. Бұл талаптың заңдылық тұрғысынан маңыздылығы атап өтіліп, барлық педагог қызметкерлерге түсіндірілді.

Қорытынды:
Педагогикалық кеңесте қаралған мәселелер бойынша нақты бағыттар айқындалып, білім сапасын арттыру, оқу үдерісін тиімді ұйымдастыру және заң талаптарын сақтау қажеттілігі атап өтілді.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: