27
март
2023
8 сыныптар арасында "Ең үздік оқырман" кітапқұмарлар сайысы әр тоқсан сайын өткізіліп келеді
Ж.Жабаев атындағы №161 лицейде 8 сыныптар арасында "Ең үздік оқырман" кітапқұмарлар сайысы әр тоқсан сайын өткізіліп келеді. Арнайы алдын ала берілген бір көркем шығарманы сынып оқушылары түгел оқып, тәрбие сағатында пікір алмасады, талдайды. Алдын ала дайындалған тест сұрақтарына жауап береді. Бұл сайысқа ата-аналар демеушілік жасап, балаларды марапаттайды. 4 тоқсанда мына оқушылар марапатталды. Нурова Жания - I орын, Шынықұл Тасним - II орын, Мамет Санжар - III орын, Бахытова Құралай - Алғыс хат,
Қапан Жанна - Алғыс хат, Тельғожа Алтынбек - Алғыс хат. Жеңістеріңіз құтты болсын! Қазақ әдебиетінің інжу-маржандарымен сусындай беріңіздер.

Қапан Жанна - Алғыс хат, Тельғожа Алтынбек - Алғыс хат. Жеңістеріңіз құтты болсын! Қазақ әдебиетінің інжу-маржандарымен сусындай беріңіздер.
