Алматы қаласы Білім басқармасының
«Жамбыл Жабаев атындағы №161 лицей»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 273-39-44
Есепші бөлімі:
+7(727) 273-82-30
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ж.Жабаев атындағы № 161 лицейінде өткізілген 22-наурыз Ұлыстың ұлы күні мерекесіне арналған «Ұлыстың ұлы күні-әз Наурыз» атты іс-шара
18
март
2026

Ж.Жабаев атындағы № 161 лицейінде өткізілген 22-наурыз Ұлыстың ұлы күні мерекесіне арналған «Ұлыстың ұлы күні-әз Наурыз» атты іс-шара

18.03.2026 ж 8 – сынып оқушыларының ұйымдастыруымен сағат 13.00-де «Ұлыстың ұлы күні-әз Наурыз» атты мерекелік концерт өткізілді.

Мақсаты: «Наурыз» мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт – дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу. Наурыз мерекесінің қазақ даласындағы орны, наурыз мерекесі туралы түсінік беру, Наурыз мерекесін ұлттық салт - дәстүрімізбен, әдет-ғұрпымызбен байланыстыра насихаттап, ұрпақтардың өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру. Концертте оқушылар «Алас, Алас» рәсімімен бастап халық әні «Қош келдің Наурыз» әнін орындап шашу шашты. Оқушылар «Наурыз», «Туған жер», «Угайай» әндері шырқалып, «Қазақ биі» биледі. Сонымен қатар оқушылар күй тартыс орындады. Ұлттық ойындардан арқан тартысып, қол күрес, асық ойнады. Қыздар шаш өріп, шашпау тағып өз өнерлерін көрсетті. 5-10 сынып оқушылары қазақтың ұлттық киімінен шеру жасап көрермен қошеметіне бөленді. Концерт жоғары деңгейде өткізілді.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: