07
октябрь
2024
Ж.Жабаев атындағы № 161 лицейінде қазан айында өткізілетін қарттай айлығына Анықтама
Ж.Жабаев атындағы № 161 лицейінде қазан айында өткізілетін
қарттай айлығына
Анықтама
7.10.2024ж қарттар айлығы аясында «Жақсылық жасауға асығайық» тақырыбында 5 -11 сыныптарда сынып сағаттары өткізілді. Мақсаты: Көпті көрген дана-гөй қарттарымыздың өнегелі өмірін үлгі ете отырып, ғибрат боларлық сөздерін бойларына сіңіріп, үлкенге құрмет, кішіге ізет ете білетін инабатты, ақылды, ата - баба аманатына адал, ұлттық тәлім - тәрбиені бойына сіңірген, еңбекқор, кішіпейіл, мейірімді, төзімді, өнерлі тұлға тәрбиелеу. Сынып сағатында оқушыларға қарттарға құрмет көрсетіп, көмектесіп сыйлау керектігі айтылды. Сонымен қатар оқушылар өздерінің ата, әжелері туралы эсселерін оқып, ата, әжелерінің ерліктерімен бөлісті. 9- сыныптар арасында лицейге қарасты ықшам ауданында тұратын ҰОС ардагер лері мен, Тыл ардагерлерінің үйлеріне барып жылы лебіздерін білдіріп, сыйлықтарын табыстап қарт кісілердің батасын алып қайтты.


